Роналдо Мерейұлы: блогер ұлына әйгілі футболшының атын қойды

Блогер Әсел Ерімбетова мен оның жұбайы Мерей Оразбеков ұлды болғанын сүйіншіледі. Ата-анасы сәбидің атын танымал футболшының құрметіне Роналдо деп қойған.

instagram.com/urazbekovy

Астана, NEGE. Блогер желідегі парақшасына ұлын перзентханадан шығарып алған сәттен видео жариялап, ұлының атын жазды.

«Уразалы Роналдo Мерейұлы. Перзентханадан у-шусыз, тыныш қана шығамыз деп ойлағанбыз… Бірақ жігітім үйде осындай тосынсый дайындап қойыпты. Осындай жанашыр жолдасым барына Аллаға сансыз шүкір. Бақыт деген осындай қарапайым сәттер ғой», – делінген видео астындағы жазбада.

Ол ұлына мұндай ерекше есімді әлемдік деңгейде жүрсін деген ырыммен қойғанын түсіндіріп өтті. 

«Біреу батырдың атын қояды, біреу атасының атын, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, өрісі кең болсын деп қойдық. 

"Қазақша ат табылмады ма?" дейтіндерге айтарым: қазақтың рухы – есімінде емес, тәрбиесінде. Ең бастысы, бұл есімді оған анасы мен әкесі сүйіспеншілікпен қойды», – дейді блогер.

Ата-анасы ұлына шетелдік жұлдыздың атын қойғанымен, нағыз қазақ етіп тәрбиелейтінін айтады.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды