Роналдиньоның анасы коронавирустан қайтыс болды

21 ақпан күні әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньоның анасы қайтыс болды деп хабарлайды Eurosport.ru.

Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, Дон Мигелина Элои Ассис дос Сантос коронавирус инфекциясынан кейінгі асқынулардан 71 жасында көз жұмған. Роналдиньоның өзі анасының өмірден өткеніне қатысты пікір білдірмеген, алайда Тwitter парақшасында ақ-қара түсті сурет қойған.

Сонымен қатар бразилиялық футболшы өнер көрсеткен "Барселона" клубы да әлеуметтік желіде ойыншыға көңіл айтқан. Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Роналдиньо анасының COVID-19 салдарынан жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды