Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының Мақтаарал ауданына барды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. Онда Үкімет басшысының орынбасары су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді. «Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды» , - деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр.

Қазір оқып жатыр

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесін алды

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды