Роман Скляр Екібастұзда жылуға қатысты мәселе туындамайтынын айтты
11 сәуірде Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда келесі жылыту маусымында жылудан проблема болмайды деп уәде берді.
Алматы, NEGE. «Министр мен әкімдік аудитті аяқтағандарын айтып, баяндады. Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылады. Облыс әкімінің өзі айтқандай мен оны бұл мәселеде қолдап отырмын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды. Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге ақша бөле алмайды. Сондықтан нақты бұл жағдайда жылу-электр орталығы мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алып, жөндейміз. 5,3 шақырым желі жаңадан төселеді. Осы арқылы қаланы жылумен жабдықтау көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр», - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін.