Роман Агалаков паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

Германияның Берлин қаласында 16-20 маусым аралығында пара жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңі өткен болатын.

Шымкент, NEGE.  Қазақстан құрамасының сапында Шымкент қаласының екі спортшысы бақ сынады. Халықаралық дәрежелегі спорт шеберлері Роман Агалаков және Алина Дубинина жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Роман Агалаков командалық эстафетада 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Осы нәтижесінің арқасында Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына лицензияға ие болды.

Сондай-ақ, Алина Дубинина командалық эстафетада 2 алтын медалға қол жеткізді.

XVI жазғы паралимпиадалық ойындар 2021 жылы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетінін еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады