Роман Агалаков паралимпиада ойындарында бақ сынайды

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрама командасы дүбірлі додаға аттанып кетті.

Алматы, NEGE. Отандық спорт тарихында алғаш рет аталған дүбірлі додаға 26 спортшы қатысады. Атап айтқанда, паралимпиадашылар жүзуден 7, дзюдодан 7, пауэрлифтингтен 5, таеквондодан 3, жеңіл атлетикадан 2, каноэден 1 және нысана көздеуден 1 лицензия иеленді.

Байрақты бәсекеде Шымкент қаласының спортшысы Роман Агалаков та бақ сынайды. Жерлесіміз пара жүзуден 25, 26 тамыз күндері жүлдеге таласып көрмек.

Барша спорт жанкүйерлерін отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді