Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықты басқарады. Бұл туралы Үкімет басшысының инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың кейбір мәселелері туралы өкіміне қосымша берілген ережеде айтылған.

Фото: из открытых источников

Астана, NEGE. «ИҚҰО қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары іске асырады», — деп жазылған ереже мәтінінде.

Осылайша Роман Склярға жаңа мемлекеттік құрылымның басшысы мынандай міндеттер жүктеледі:

– ИҚҰО жұмысын ұйымдастырады;

– ИҚҰО жұмысына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тартады;

– ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындап, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

– мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының атына ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;

– Премьер-Министрдің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының нәтижелері туралы тоқсанына бір реттен сиретпей хабардар етіп тұрады;

– ИҚҰО жұмыс топтарын қалыптастырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада балақша құрылысы негізсіз созбалаңға салынған

СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады

Талғар мектептерінде буллинг 18%-ға төмендеді