Роман Скляр мен Жеңіс Қасымбек LRT пойызымен жүріп көрді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT депосының ғимараты мен стансаларын аралап көрді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Скляр мен Қасымбек «Әуежай», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі» стансаларымен жүріп өткен.

Ведомство мәліметінше, елордадағы «Нұрлы жол» стансасынан «Әуежай» стансасына дейінгі жүру уақыты шамамен 40 минут болады. Қозғалыс аралығы – учаскеге байланысты 5-10 минут, ал стансалар арасындағы жүріп өту уақыты – 1,5–3 минут. 

Қозғалыс кезіндегі шуды азайту үшін бандаж бен дөңгелек дискісінің арасына дірілді оқшаулайтын резеңке төселген.  Бұл динамикалық жүктемелер мен құрылымдық шуды азайтып, пойыздар жүрген кездегі акустикалық әсер деңгейін төмендетеді.

Үкіметтегілердің айтуынша, қала тұрғындары LRT-мен алдағы айларда қатынай бастайды. Нақты күні барлық іс-шара толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, жүргізушілері қаза тапты

«Әділет» партиясының құрылтай съезі мамырда өтеді