Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. 

UKIMET

Астана, NEGE. Кездесу Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумының 25-ші жыл сайынғы сессиясы аясында өтті.

Роман Скляр ҚХР БХӨЖ ТК төрағасын «екі сессияның» табысты өтуімен және Қытайдың 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының қабылдануымен құттықтады.

2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы ақпарат беріп, оның Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Екі ел арасындағы парламентаралық байланыстар саласындағы нәтижелі ынтымақтастықты, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестіктің серпінді дамуын, инвестициялар, көлік және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды атап көрсетті.

UKIMET

Чжао Лэцзи қытай тарапы Қазақстанмен мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары сенімге негізделген қатынастарына ерекше мән беретінін баса айтты.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің одан әрі өркендеуіне бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.

Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» сияқты көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды