Колледждерге өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Egov.kz порталы мен Ұлттық білім беру деректер базасында жүктеменің жоғары болуына байланысты колледжге түсуге өтініш беру кезінде талапкерлерде уақытша қиындықтар туындаған. 

Іstockphoto.com

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда барлық техникалық ақау жойылды.

"Барлық талапкер үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында құжат қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері ұзартылды", - деп хабарлады министрлік.

Сараптаудың (конкурстың) аяқталу мерзімдері:

  • шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 24 тамызға дейін;
  • педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін;
  • орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша – 27 тамызға дейін.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады