Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны ұтты.

Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.

22 жастағы Махди - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021 жыл).

Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, алғашқысында Каллум Уильям Нокты (Канада), сосын Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жыққан. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты