Рысбек Сәрсенбайұлын босатты

Қаңтар бүлігі бойынша айыпталғандардың туған-туыстарын қолдауға барған саясаткер Р.Сәрсенбайұлын бүгін таңертең елордада күштеп ұстап әкеткен еді. Саясаткер тілшіге өзін босатқанын хабарлады.

Елорда, NEGE. «Қаңтар қырғыны бойынша айыпталғандардың туған-туыстары істі әділ қарауды биліктен талап етті. Олар менен көмек сұрады. Полиция адамдарды күштеп әкетпек болды. Ара түскен мені де күштеп қолымды қайырып, көлікке мінгізді. 

Полиция бөлімінде мені күштеп тергеушіге апармақ болды. Кім екенімізді, не үшін келгенімізді анықтау керек дейді. Сол үшін сүйреп апару керек пе? Сол жерде де анықтауға болады ғой! Соның салдарынан қан қысымым көтеріліп кетті. Одан кейін жүрегім қақты. Дәріханаға жібермеді, телефонымды алып қойды. Дәрігерді әрең шақырды.

Тергеуші маған қатысты хаттама толтырудан бас тартты. Алайда мұны өзім талап етіп, хаттама толтыртқыздым. Қазір жағдайым қалыпты», – деді Р.Сәрсенбайұлы.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр