Ринат Зайытов жалақысы қанша екенін айтты

Жақында лауазымды қызметке тағайындалған айтыскер ақын Ринат Зайытов журналист Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына сұқбат беріп, жаңа қызметіне қатысты ойын айтты.

Алматы, NEGE. "Ұжымды басқару – ұжыммен тіл табысу. Сосын жауапкершілікті мойныңа алу. Мен әу бастан жауапкершілік алудан қашқан жоқпын. Өзім айтқан сөзім үшін де, істеген ісім үшін де. Дәл сондай жауапкершілік мойныма ресми түрде жүктелді", – деп түсіндірді жаңа қызметін айтыскер ақын. 

Оның айтуынша, жаңа қызметіндегі айлығы шамамен 200 мың теңге. Ал өзі директор болған өнер ордасының жылдық бюджеті 17-18 миллион теңге.

"Ең бірінші еден жуушылармен сөйлестім. Олардың нақты айлығын білемін. Ең көбі – 56 мың теңге. Ол жерде жұмыс істейтін әнші-әртістің айлығы 100 мың теңгеден аспайды. Оның сыртында Алматы қаласының әкімдігінің тапсырмасы бар: "Ринат, ұлттық өнер ақсап барады. Мына жақты реттеу керек. Айғайлағанда адалмын дейсің ғой, істеп көр" деп ұсыныс айтты", – дейді айтыскер. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты