Ринат Зайытов мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады
Депутат Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселені көтерді, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.
Алматы, NEGE. «Мәдениет саласының қызметкерлерінің жалақысы 60 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге жетер жетпес межеден аса алмай тұр. Еңбекақының төмендігі білікті мамандардың жұмыстан өз еркімен кетіп, мәдениет ошақтарының жұмысын туралатуға әкеліп соғады», - деді Мәжіліс депутаты.