Ринат Зайытов Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компаниялар мен активтерге толық тексеріс жүргізуді талап етті

Нұрбол Назарбаевтың банктік шоттары бұғатталды, деп мәлімдеді депутат Ринат Зайыт.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Кейбір БАҚ мәліметінше, жақында сот шешімімен Нұрбол Назарбаев 57 млрд теңге көлеміндегі активтерінен айырылып, олар мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар оған 925 млн теңге айыппұл салынып, 230,4 млн теңге көлемінде залал өндірілді. Ең бастысы, оның барлық банктік шоттары бұғатталды», – деді мәжіліс депутаты.

Депутаттың айтуынша, Нұрбол Назарбаев компаниялардың табыстарын және жеке мүлкін басқару құқығынан да айырылған.

Зайытов Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компаниялар мен активтерге толық түгендеу жүргізіп, заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынды. Сондай-ақ ол «Алтын орда» базары мен Алматы мен Алматы облысындағы жер телімдеріне қатысты тергеу бастауды талап етті.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады