Рим Папасы вакцинаны патентсіз шығара беруге шақырды

Рим Папасы Франциск вакциналарға қатысты зияткерлік меншік құқығынан уақытша бас тартуға шақырды.

Алматы, NEGE. Айтуынша, бұл барлық адамның препараттарға қолы жетуі үшін жасалуы тиіс. Бұл туралы дінбасы Vax Live халықаралық музыкалық жобасының қатысушылары мен көрермендеріне жасаған видеоүндеу кезінде айтты. «Бүкіл адамзаттың ортақ игілігі үшін жеке бастың қамын күйттеуді қоя тұру керек, сонда әділеттілік вакциналардың барынша қолжетімді болуына септігін тигізеді, сол себепті зияткерлік меншік құқығын уақытша тоқтатайық», - деп мәлімдеді понтифик.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады