Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ватиканға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францисктің жеке қабылдауында болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті. Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Рим-Католик шіркеуінің басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді. Тараптар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін талқылады. П

онтифик Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті. Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі және съезд жұмысына қатысуы туралы тарихи шешімі ерекше атап өтілді. Министр Папаның сапарын тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келетін католиктер тағатсыздана күтетінін хабарлады. Бұдан бөлек, М.Тілеуберді Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы (Премьер-Министрі) Кардинал Пьетро Паролинмен және Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің төрағасы кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы рухани келісім мен өзара құрмет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Конфессияаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін М.Тілеуберді Мемлекет басшысының атынан М.А. Аюсо Гиксотқа ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді