Рим папасының жағдайы ауыр

Рим папасы Францисктің халі нашарлап, қазір ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды 24kz.

АР

Алматы, NEGE. Оның тыныс алуына қатысты қиындықтар туындаған. 88 жастағы понтифик өткен аптада Римдегі ауруханаға жатқызылған еді. Оның екі өкпесінің де қабынғаны белгілі болды. Бұл аздай, қаназдығы да анықталып, дәрігерлерге қан құюға тура келді.

Понтифик Рим католик шіркеуін 12 жылдай басқарып келеді.

Жас кезінде оның өкпесінің бір бөлігі алынып тасталған. Сол себепті тыныс алу жолдары ауруына жиі шалдығады. Ал тізесіне қатысты қиындықтар салдарынан көбіне арбамен қозғалуға мәжбүр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды