Рим Папасы Лев XIV балалық шағында тұрған үй аукционға қойылды

АҚШ-тың Чикаго қаласында орналасқан, Рим Папасы Лев XIV балалық шағында тұрған үй аукционға шығарылды, деп хабарлайды Daily Mail.

Vatican media

АЛМАТЫ, NEGE. Басылымның мәліметінше, аукциондағы бастапқы баға — 250 мың доллар.

«Жаңа сайланған понтификтің бала кезінде тұрған үйі Чикагодағы қымбат әрі ерекше дүниелер сатылатын аукционда ұсынылды», – делінген хабарламада.

Аталған үй бұған дейін де сатуға қойылған болатын. Алайда Лев XIV-тің Рим Папасы болып сайлануынабайланысты үйдің құны артатыны ескеріліп, сауда уақытша тоқтатылған.

Айта кетейік, бұған дейін Рим Папасы Лев XIV-тің сайланғаны және оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған еді.