Рим Папасы католиктерден қазақстандықтар үшін дұға етуді сұрады

Рим Папасы Франциск 10 сәуірде Ватикандағы жалпы аудиенцияда су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына көңіл айтты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Рим Папасы католиктерден Қазақстандағы апаттан зардап шеккендер үшін дұға етуді сұрады.

Ол Қазақстанға 2022 жылдың қыркүйегінде барғанын еске салды. Ол Қазақстан халқымен «рухани жақындық» сезінетінін айтты.

«Мен баршаңызды осы табиғи апаттан зардап шеккен әрбір адам үшін дұға етуге шақырамын», - деді Рим папасы. 

Наурызда басталған су тасқынына байланысты Қазақстанның 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны басталғаннан бері 96 мыңнан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды, 7,6 мыңнан астам адам уақытша орналастыру орталықтарында. Құтқару жұмыстарына 24 мыңнан астам адам мен 2,6 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді