Рим Папасы Франциск қайтыс болды
Рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті.
Алматы, NEGE. «Рим Папасы Франциск Пасха дүйсенбісінде, 2025 жылы 21 сәуірде, Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында 88 жасында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Кеше ғана Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы Әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққаны хабарланған еді.
Айта кетейік, Франциск – Католик шіркеуінің 266-шы понтифигі. Ол 2013 жылы сайланған болатын. Франциск – бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа, әрі иезуиттік орден өкілі ретінде алғаш рет тағайындалған понтифик.
Понтифик 14 ақпанда респираторлық инфекциямен (кейінірек екі жақты пневмония екені расталды) Римдегі Гемелли ауруханасына жатқызылды.