Риддерде 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек

Шығыс Қазақстан облысында атауы қазақшаланбаған көше көп.

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек.

Риддердегі 12 көше мен бір шағын аудан атауы ауыстырылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттан мәлім етті.

«Ботаника шағын ауданына «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атауы беріледі. Ал көшелерге қатысты айтар болсақ, Щорс - Егізбаевтар, Урицкий - Авдейчик, Клара Цеткин - Бейбітшілік, Чапаев - Үсенов, Энгельс - Есенберлин, Большевик - Гребенюк, Герцен - Кентай, Комсомол – Селифонов, Киров – Сәтбаев, Пролетарская – Кеншілер, Свердлов – Әлихан Бөкейхан, Ушанов – Желтоқсан деп өзгертіледі», - делінген ақпаратта.

Енді осыған орай қалада 6 шілде күні жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіледі.