Риддерде жас босанған ана қошқар көтеру сайысында ерлерді шаң қаптырды

Ол қошқарды 100 рет көтерген.

жеке мұрағаттан

Алматы, NEGE. Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мерекесін тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды.

25 жастағы Айым қошқар көтеруден 100 мәрте отырып-тұрып, жеңімпаз атанды. Жақында ғана ана атанған риддерлік тұрғын "бұл мен үшін айтарлықтай жетістік емес" деп отыр.

"Мен үшін бұл таңғаларлық жетістік емес. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін. Онда күштік жаттығуларға көбірек мән беріледі. Үнемі штангамен жаттығуға тура келеді. Жақында ана атандым. Бірақ спорттық қабілеттерім әлі бар. Жеңіске жетуге сол қабілеттерім себеп болды",  - дейді ол.

Жеңімпазға бас жүлде ретінде өзі көтерген қошқар сыйға тартылды.

Қазір оқып жатыр

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған