Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Комиссия Риддер қаласындағы ЖЭО-ның айналасында қалыптасып отырған жағдайды қарастырды.

Алматы, NEGE. ЖЭО-ның  бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған. 

Биыл Үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен станцияның барлық 6 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Премьер-Министр ЖЭО-ны жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін барлық қажетті ұйымдастару-құқықтық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ