Рыбакинаның WTA финалдық турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

Әлемнің бірінші ракеткасы беларустық Арина Соболенко Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) финалдық турнирінің топтық кезеңіндегі кездесуде қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Ойында 6:2, 3:6, 6:3 есебімен Соболенко жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 34 минутқа созылды.

Осылайша Соболенко жеңіс пен бір жеңіліспен топтан екінші орынға шықты. Рыбакина бір жеңіс және екі жеңіліспен үшінші болып, турнирдегі өнерін аяқтады.

Айта кетейік, финалдық турнирге қатысқаны үшін қазақстандық спортшы WTA-дан 198 000 доллар көлемінде ынталандыру сыйақысын алды.

 Оның турнирдегі жалпы табысы 396 000 долларға дейін жетеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр