Рыбакина Уимблдон турнирінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші турнирдің екінші матчында 33 жастағы француз Ализе Корнені жеңді

, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды. Рыбакина 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Отандасымыздың келесі қарсыласы Британия елінің 26 жастағы теннисшісі Кэти Бултэр болады.

«Мен матчты ойдағыдай бастадым. Екі кезеңде де жеңгеніме қуаныштымын. Әсіресе екіншісі оңай болған жоқ. Бүгін Уимблдондағы алғашқы матчқа қарағанда жақсы ойнадым деп ойлаймын. Сол ойынға қарағанда бұл ойыным тәуір шықты»,– деді Рыбакина.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр