Рыбакина Сан-Диегодағы турнирге қатыспайтын болды

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің 26-шы нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Сан-Диегодағы (АҚШ) WTA-500 санатынан алынды.

Алматы, NEGE. Бірінші айналымдағы кездесуде ол екі Үлкен дулыға турнирінің чемпионы испандық Гарбинье Мугурусамен шығуы керек еді. Енді Рыбакинаның орнына Қытай өкілі Чжэн Цинвэн шығады.

Сан-Диегодағы турнирдің жүлде қоры 757 900 долларды құрады. Жарыстың алдын әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Свентек бастады.

Бұған дейін Рыбакина Остравада (Чехия) WTA-500 санатындағы турнирде өнер көрсеткен. Елена жартылай финалға шығып, чех чемпионы Барбора Крейчиковадан 6:3, 6:7 (4:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Рыбакина осы маусымда Гвадалахарада (Мексика) өтетін соңғы WTA-1000 турниріне қатысатыны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды