Рыбакина Майами WTA турнирінің үшінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлады Stan.kz.

Алматы,NEGE. Турнирдің 10-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина доданы екінші айналымнан бастап, әлемдік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаяға қарсы ойын өткізді. 

Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы Плейфорд (Аустралия) финалында кездесіп,  алайда Калинская жеңіске жеткен еді.

Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты матчта Елена Рыбакина 7:5, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар отандасымыз 14 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың 5-ін пайдаланды. Ал Калинская 1 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды