Рыбакина финалға шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің финалына шыға алмай қалды.

Алматы, NEGE. Рыбакина жартылай финалда 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, латвиялық, әлемнің 43-ракеткасы Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.

Латвиялық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Остапенко 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.

Қазақстандық спортшы 6 эйске қол жеткізгенімен, 9 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды.

Е.Остапенко финалда әлемнің 27-ракеткасы, эстониялық Анетт Контавейтпен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды