Рыбакина енді қола жүлдеге таласады

Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында тізе бүкті.

Алматы, NEGE. Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. 

Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.