Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті

Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Алматы, NEGE. Ол үшінші раундта әлемдік рейтингте 29-орында тұрған америкалық Элисон Рискені 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Матч барысында Елена 9 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейктен аса алған жоқ.

Осылайша, Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Цинциннати додасының ширек финалына жолдама алды. Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек немесе рейтингте 24-орындағы америкалық Мэдисон Киздің біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды