Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалында ойнаудан бас тартты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды, деп хабарлады Kazinform.

ҰОК

Алматы, NEGE. WTA ресми сайтынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты.

«Өте өкінішті, мен бүгін ойнай алмаймын. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100 пайыз өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын. Бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін», - деді Рыбакина.

Осылайша, Л.Носкова ойнамастан финалға өтті. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 13-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингіде 25-орындағы америкалық София Кениннің қай жеңгенімен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Е.Рыбакина Токио жарысының жартылай финалына шыққаннан кейін 1-8 қарашада Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды