Рыбакина Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Clive Brunskill/Getty Images

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисшілер бір-біріне қарсы матч өткізді.

Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен жеңді.

3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Ал Юлия Путинцева екі қос қателік жіберіп, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина жартылай финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко мен ресейлік 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды