Режеп Тайып Ердоған Зеленскиймен кездесті
Түркия Украинаға қатысты шиеленісті тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуінде мәлімдеді. Түркия президенті дағдарыстан шығу үшін екі ел басшыларының кездескенін қалайды. Ал Түркияның екі мемлекетпен де қарым-қатынасы тәуір. Бірақ Анкара Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын, сол себепті Ресей бұл елге шабуыл жасар болса НАТО мүшесі ретінде әрекет ететінін меңзеді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
– Мен бұған дейін Түркия екі достас мемлекет арасындағы мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін айтқанмын. Бүгін де бірнеше мәрте атап өткенімдей екі ел басшыларының кездесуін өткізуге әзірміз.