Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды.

Ақорда

Астана, NEGE. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. 

Түркия – ұйымға серіктес ел. Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді. Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті.

Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр