Reuters-ті 170 жылдан бері алғаш рет әйел басқаратын болды

Reuters-ке бас редактор болып тағайындалған Алессандра Галлони 170 жылдық тарихы бар агенттікті басқаратын тұңғыш әйел атанды. Бұл туралы 24.kz мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Рим тумасы Галлони бұл қызметте өзінің американдық әріптесі Стивен Адлердің орнын баспақ. Адлер 10 жылдық қызметінен соң зейнетке шығады. 47 жастағы Галлонидің қарамағында әлемнің түкпір-түкпіріндегі 2,5 мыңға жуық журналист жұмыс істейтін болады. Гарвард түлегі The Wall Street Journal газетінде 13 жыл еңбек еткен: бизнес-тілшіден бастап оңтүстікеуропалық бюроның басшысы лауазымына дейін көтерілген. Ал Reuters-те ол 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін