Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып жатыр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып жатыр.

Алматы, NEGE. Мәселен, дәл қазір Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылған. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан-Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Щучинск-Зеренді бағытары мен Алматы-Екатеринбург тас жолының кейбір учаскелері барлық көлік түрі үшін жабық.

Жезқазған-Петропавл тас жолының Қостанай облысына қарасты аумақтарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Еліміздің батысы мен шығысында да уақытша жабылған жолдар бар. Толық ақпаратты «Қазавтожол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығынан білуге болады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады