Республикалық протездік-ортопедиялық орталыққа – 90 жыл
«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО) өзінің 90 жылдық мерейтойына орай қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турын ұйымдастырды. Орталықтың ғасырға жуық тарихында алғаш рет интернет-ресурстар, баспа басылымдары мен телеарналардың журналистері кәсіпорынның тарихимен танысты. Баспасөз-турының қатысушылары протездік-ортопедиялық саладағы жаңа трендтер, протездеуде қолданылатын заманауи технологиялар мен материалдар туралы мағлұмат алды.