Республикалық маңызы бар автожолдар жақсарады

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар автожолдардың 89 пайызы​ жақсарады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты.

«2020 жылдың қорытындысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар автожолдардың 89 пайызы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 71 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайға жеткізілетін болады. Өзін-өзі өтейтін ақылы автожолдар 682 шақырымнан 6 465 шақырымға арттырылады», – деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді