Республикалық маңызды жолдар пайдалануға беріледі
"2 600 шақырым жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі" – деді
ҚР Премьер мимнистірі Асқар Мамин
Алматы, NEGE. «Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талдықорған-Өскемен (763 шақырым), Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (645 шақырымы), Қалбатау-Майқапшағай (415 шақырымы), Ақтөбе-Атырау-Астрахань (279 шақырымы), Мерке-Бурылбайтал (266 шақырымы), Көкшетау-Петропавл (67 кшақырымы), Үшарал-Достық (60 шақырымы), Қостанай-Денисовка (60 шақырымы), Ұзынағаш-Отар (56 шақырым) жолдарының бөліктері пайдалануға беріледі», - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, 5,7 мың шақырым жол ақылы болады.
Үкімет басшысы өз сөзінде «Жергілікті жолды дамытуға ерекше назар аударылады. Жалпы, жергілікті жолдардың 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл қалалар мен ауылдардағы өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді», – деді.