Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

8-18 шілде аралығында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының Алматы облысы аумағындағы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

Астана, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, автомобиль жолын орташа жөндеу аясында 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жол жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 8 шілдеден бастап Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, яғни 1177–1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс айналма жол арқылы ұйымдастырылады.

Бұл ретте Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121–1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлап, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы