1 апреля 2022 г. 11:08

Республика алаңындағы жол НЕГЕ жабылды?

Фото:

Алматы полициясы Республика алаңының маңында жолдың жабылғаны туралы видеоға түсінік берді.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Сәтбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында әскери КамАЗ, полиция көліктері мен жол талғамайтын машина тұрған видео тарады. Бейнежазбадан Республика алаңына қарай өтетін жолдың жабық екенін көруге болады. Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық істі тергеу аясында аталған аумақта тергеу эксперименті жүргізілгенін мәлім етті.

«Біз азаматтардан үрейге берілмеулерін және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Тегтер: