26 октября 2025 г. 12:57
Республика күніне орай Jibek Joly туристік пойызы сапарға шықты
Пойыз жолаушыларды Орталық Азияның бай мәдениетімен таныстырады.
Алматы, NEGE. Бағыт Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы қалалары, - деді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жолаушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарын аралайды. Оның ішінде көне Отырар мен Қожа Ахмет Ясауи, сондай-ақ Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалаларындағы әйгілі кесенелерге саяхат жасайды.
Биылғы маусымда жобағаТүркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер қатысуда.