Республика күні қарсаңында Алматыда FinIQ диктант-тест жеңімпаздары марапатталды
Республика күні қарсаңында Алматы қаласында қаржылық сауаттылықты арттыру және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған FinIQ қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант-тестінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Алматы, NEGE. Диктант жеңімпаздарын Алматы қаласы бойынша ЭТД басшысы Исмагулов Н.Н. және «Halyk Bank» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жексембинов Ф.М. құттықтап, марапаттады.
Диктантқа мектеп оқушылары, студенттер және қала тұрғындары қатысып, қаржылық қауіпсіздік саласында жоғары білім деңгейін көрсетті.
Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға естелік сыйлықтар мен жеңімпаз дипломдары табыс етілді.
Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, FinIQ диктант-тестін өткізу халықтың қаржылық мәдениетін нығайтуға, алаяқтыққа қарсы сақтықты арттыруға және жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл шара «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен, «Halyk Bank» АҚ және «Қарызсыз қоғам» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.