Ресейдің Украинадағы соғысына Солтүстік Кореядан әскер жіберіледі

Ресейдің Украинадағы соғысы жайлы ақпарат өте көп, және оның бәрі ала-құла.

ғаламтордан

Украинаның өз насихатшылары, сол сияқты Ресейдің өз насихатшылары бар. Жүріп жатқан ақпараттық соғыстың қарқыны ұрыс даласындағы шайқастан кем емес. Украина блогерлері мен журналистерінің сөзіне сенсек, соғыста күн сайын кем дегенде мың орыс жер жастанып жатқан көрінеді. Биылғы жаз айларында соғыс қатты жүріп жатқанын ескерсек, әскер шығыны екі жақтан да аз емес екенін жоққа шығаруға болмас. Украина әскерінің табандылықпен соғысып жатқаны да рас.

Ресейдің аймақтары мен Қырымдағы нысандарды дронмен атқылай бастады. Оның үстіне Батыстың Украинаға көмегі соңғы апталарда артып келе жатқаны тағы бар.

Өз кезегінде Ресей билігі де қару-жарақ пен снарядты көбейтіп, әскер санын толықтырып жатыр. Соған қарағанда соғыс осылай итжығыс болып жалғаса берсе керек.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды