Ресейдің Челябинск облысы мен Башқұртстанда торнадо болды

Ресейдің Челябинск облысы мен Башқұртстанда торнадо болды, деп жазды kazinform.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Челябинск облысы мен Башқұртстанда 8 маусым күні қатты найзағай ойнап, бұршақ жауды. Қатты дауылға ұласқан табиғаттың тосын сыйынан кейін аталған өңірлер жарықсыз қалды.

Әлеуметтік желі қолданушылары торнадо салдарынан болған жәйсіз жағдайларды жарыса жариялады. Башқұртстанның ТЖМ хабарлауынша, небәрі 10 минутқа созылған дауыл аралас бұршақтан кейін сегіз бетон бағана мен жанармай бекеті, екі көлік сондай-ақ жол белгілері зардап шеккен.

Ал, Агапов ауданы басшысының мәліметінше, көршілес Челябинск облысында электр желілері зиян шегіп, салдарынан сегіз елді мекен жарықсыз қалған.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты