Ресейдің Белгород облысында украиналық тұтқындарды алып бара жатқан әскери ұшақ құлады

Ресейдің Белгород облысында ИЛ-76 әскери ұшағы құлады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ведомствосының хабарлауынша, ұшақ бортында алты экипаж мүшесі мен Украина Қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 сарбазы мен оларды алып жүрген үш адам болған. Олар тұтқын алмасу үшін ұшып бара жатқан. 

– Оқиға орнында тергеу тобы мен ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жұмыс барысымды өзгертіп, апат болған аймаққа шығып кеттім. Толығырақ кейінірек айтамыз, – деді Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков.

Кейіннен Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков ИЛ-76 бортында болған адамдардың бәрі қаза тапты деп жазды. 

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?