Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров Алматыға оралды

Әзілкеш Алматы әуежайында журналистермен тілдесуден бас тартты

youtube.com/chbdchbdchbd

Астана, NEGE. Сабуров Мәскеуден Алматыға таңғы уақытта келген. Ұшақ жергілікті уақытпен 04:50-де қонды.

NewTimes әуежай қызметкерлері журналистерге әзілкешті фото немесе видеоға түсіруге рұқсат бермеді деп хабарлайды. Сондай ақ, оның өзі де жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Өнер иесі көпшіліктің назарынан қашып, бірнеше адамның қорғауымен әуежай аумағынан асығыс шығып кеткен.

Еске салайық, ресейлік БАҚ Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат таратты. Әзілкеш бұны Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бірақ білген. 

Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің құзырлы органдарынан әзілкештің ұсталғаны туралы ресми ақпарат түспегенін хабарлаған. Сондай ақ, Нұрлан Сабуровтың өзі Мәскеудегі елшілікке жүгінбеген.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды