Ресейдегі металлургия комбинатында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты

Бұл жөнінде Ресейдің «Северсталь» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

duma.gov.ru

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, 14 қаңтарда Череповец металлургия комбинатының өндірістік алаңынан екі қазақстандықтың мәйіті табылған.

Қазақстан азаматтары мердігер ұйымдарда жұмыс істеп жүрген.

«Қазіргі уақытта өлімнің себептері тексеріліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде.

Қызметкерлердің туған-туысына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген компания хабарламасында.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша тергеу басқармасының  хабарлауынша, оқиға орнында Череповец тергеу бөлімінің қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?