Ресейдегі Қазақстан мұнайы экспортталатын терминалда өрт шықты

Осы жайтқа байланысты Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Қазақстан мұнайын жеткізуге пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылымға зиян келмегенін хабарлады.

Черномортранснефть

Астана, NEGE. Наурыздың 1-інен 2-сіне қараған түні Украина тарабы Новороссийск қаласына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Салдарынан «Шесхарис» мұнай құю терминалында өрт шықты. 

«Қазіргі уақытта қолда бар ақпаратқа сәйкес, Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай құю терминалындағы оқыс оқиға қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік жұмысына кері әсерін тигізген жоқ.

Отандық мұнай өндіру және оны экспорттау қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Қазақстан мұнайын жеткізуге пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылымның жұмысында іркілістер мен бұзушылықтар тіркелген жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында.

Айта кетейік, «Шесхарис» Қара теңіздегі мұнайды ауыстырып тиейтін ең ірі нысандардың бірі саналады.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты